Қостанай облысында машина-трактор паркі жаңартылды
Қостанай облысында биыл ауыл шаруашылығы техникасының 6,1 проценті жаңартылуы тиіс еді.
Алайда аймақта ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан қойылған бұл міндет орындалмады. Ресми мәлімет бойынша биыл өңірде машина-трактор паркінің 5 жарым проценті ғана жаңартылған. Өткен ғасырдың орта шенінде шыққан техникалар әлі күнге қолданыста жүр. Бекітілген жоспарға сәйкес қазір 1949-1999 жылдар аралығында жасалған трактор, комбайндарды есептен шығару жұмыстары жүріп жатыр. Үш жылдың ішінде қолдағы техниканың барлығын түгендеп, тізіп шығу міндеті тұр.
Ибрагим Бекмұхмедов, облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы:
- Біздің есебімізше пайдалану мерзімі өткен 12 мың 200 трактор, 2 мың 800 комбайнды ақпараттық жүйеден алып тастау керек. Ол өз кезегінде жаңарту көрсеткішіне әсер етеді. Алайда 25 жылдан артық қолданыстағы техникалардың барлығын тіркеуден шығару мүмкін емес. Өйткені кейбірі әлі жарамды, иелері бірнеше жыл іске жаратуға мүдделі.