ШҚО-да Қытаймен бірлескен туристік жоба қолға алынуы мүмкін

Шығыс Қазақстанда алдағы уақытта Қытай елімен бірлескен туристік жоба қолға алынуы мүмкін. 

Марқакөлмен мен көрші елдегі Қанас көлінің арасында трансшекаралық маршрут ашу жоспарланып отыр. Бұл туралы «Орталық коммуникациялар қызметі алаңында» өткен көшпелі брифингте облыс әкімі Ермек Көшербаев мәлімдеді. Өңір басшысы өлкенің логистикалық әлеуетін арттыру бойынша атқарылып жатқан іс-шаралармен де таныстырды. Мәселен, келесі жылы Зайсан мен Қатон-Қарағайда әуежай құрылысы басталады.

Шығыс Қазақстан облысында қысы-жазы туризмді дамытуға мүмкіндік мол. Тек табиғат берген осы сыйды оңтайлы пайдаланса болғаны. Аймақта биыл «Жол жылы» аясында облыстық және аудандық маңыздағы 600 шақырым жол жөнделді. Бастысы, 6 ауданды байланыстыратын Күршім көпірі салынды. Ендігі меже әуе жолын ашу. Қатон-Қарағай мен Зайсанда әуежай салынатын жер анықталды. Стратегиялық нысан құрылысына тек отандық мамандарды жұмылдыру көзделген,дейді Ермек Көшербаев.

Ермек Көшербаев, ШҚО әкімі:

- Біз министрліктен де сұрадық, осы әуежайға қатысатын біздің компаниялар болса деп, біздің мамандарымыз болса,мен ойлап отырмын біздің біліміміз және талабымыз оған жеткілікті,Өздеріңіз білесіздер мына көпірді салғанда бірде бір шет ел азаматы болған жоқ.

Медициналық туризм де дамып келеді. Облыстық онкология орталығында шетелден келіп емделіп жатқандар көп. Дегенмен, дәл осы медицина саласында кадр тапшылығын шешу маңызды. Облыста 152 дәрігер жетіспейді. Әсіресе шағын қалалар маманға зәру. Ауылға келген жастарға «Дипломмен ауылға» бағдарламасының мүмкіндігі ұсынылса, шағын шаһарлар шарасыз. Енді бұл сұрақ та назарға алынды. 

Ермек Көшербаев, ШҚО әкімі:

- Қалаға баратын дәрігерлерге біз бюджет жағынан мәселені шешіп береміз және «Бір қабатты шығыстан» үй мәселесін шешіп береміз өз бюджетіміздене бағдарлама ұйымдастырылып отырмыз,ақшаны бөлеміз. 

Брифингте өзге де өзекті мәселелер қозғалды. Соның бірі Риддер жылу электр орталығына қатысты. Өңір басшысының айтуынша қазір бұл мекеме қалыпты жұмыс істеп тұр. Өскеменнің экологиялық жағдайы да ұмыт қалмайды. Болашақта жеке секторда 28 мың үйді орталық жылу жүйесіне қосу жоспарда бар.

Эльмира Ахметова, Дмитрий Пыхтин