Астанада «Ипотека Day» жәрмеңкесі өтті

Астанада «Ипотека Дэй» жәрмеңкесі өтті.

Тұрғындар өздеріне қажетті баспана бағдарламасын қарастырып, «Отбасы банк» қызметкерлері мен оларға серіктес құрылыс компанияларынан тегін кеңес алды. Биыл банк қолжетімді әрі тиімді ипотека рәсімдеу үшін екі бірдей бағдарламаны іске қосып отыр.

Шынарай Момынқұлованың 6 баласы бар. Астанаға қоныстанғанына 10 жылға жуықтады. Көп балалы ананың көкейдегі арманы елорданың нақ ортасында өзінің жеке пәтерін сатып алу еді. Ол соңғы 5 жылда «Отбасы банкінен» шот ашып, жолдасымен ақша жинай бастайды. Осылайша тиісті қаражаты жиылып, «Наурыз» бағдарламасымен баспанаға қол жеткізді.

Шынарай Момынқұлова, қала тұрғыны:

- Несие мөлшерлемесі: 7% (ЖТСМ 7,3%-дан 8,9%-ға дейін) және 9% (ЖТСМ 9,3%-дан 11,8%-ға дейін)

Ақша жинай бастадым 2019-дан бастап, бұйыртқан 2024 жылы «Наурыз» бағдарламасымен үйлі болдым. Маған тиімді болды 7 пайызбен. Өзім көп балалы болған соң үлкен бөлме үйді іздедім. 29 миллиондық үйді алдық біздер, бастапқы жарнасы 20 пайызын құйдым.

Шынарай секілді ипотека арқылы баспана алу бойынша ақпаратты кез келген қазақстандық ала алады. Мәселен «Ипотека Дэй» жәрмеңкесі тұрғындарға тиімді уақытта демалыс күндері өткізіледі. Қазір «Наурыз» және «Отау» бағдарламалары сұранысқа ие. Мұнда үйдің бағасын есептегенде, алғашқы жарнасы небәрі 20 пайыз. Ал несиелік мөлшерлеме қолжетімді әрі нарықта тиімді саналады.

Жансұлтан Матаев, «Отбасы банкі» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары:

- «Отау» бағдарламасы «Отбасы банктің» өз жеке қаражатына басталған бағдарлама болса, «Наурыз» мемлекеттің қолдауымен жасалған бағдарлама. «Наурыз» бойынша айтып кету керек, 9200 адам несиелі болды. Біздің қызметтерді алу өте оңай қазір. Көп қызметтеріміз онлайн форматқа шығарылған. Яғни ең бастысы, керегі келіп, тегін депозит ашу.

Бүгінде депозит ашып, салымшы атанған, «Отбасы банкінің» қызметін алып отырған қазақстандықтардың саны 2 миллион 700 мыңнан асады. Олар осылайша өз баспанасына қол жеткізуге батыл қадам жасап отыр.

Альмира Оразбай, Асхат Қарақойшиев