Бүгін зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні аяқталады

Бүгін әлемде және біздің елде зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні аяқталады, деп хабарлайды 24kz.

25 қарашада басталған акция аясында 5 мыңға тарта іс-шара ұйымдастырылды. Бұдан бөлек, елде тұрмыстық зорлық-зомбылықты азайту бойынша кешенді жұмыс жүріп жатыр. 11 айда келіп түскен арыз-шағымдар 20%-ке азайған. Былтыр 89 мың адам шағымданса, биыл 72 мыңға жуықтапты.

Ал отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық 47%-ке өскен. Бүгінге дейін 100 мыңға тарта адам жауапкершілікке тартылды. 29 мың құқық бұзушы әкімшілік қамауға алынды. Қиын жағдайға тап болған жандар 111 ұлттық сенім телефонына хабарласа алады. Онда 50 диспетчер тәулік бойы қызмет көрсетеді.