Қарағанды облысында жедел жәрдем көліктеріне камера орнатылған
Қылмыстың алдын алу маңызды. Қарағанды облысында жедел жәрдем көліктеріне жаппай бейнекамера орнатылған, деп хабарлайды 24kz.
Оған себеп – былтыр медициналық қызмет бригадалары мен тұрғындар арасында 46 рет кикілжің болған.
Соның ішінде жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жығу бойынша бұзақылық әрекет сотқа дейін жетіп, кінәлі жазаланды. Көліктерге бейнебақылау осындай жайттардан соң қойылған. Бастапқыда кеншілер қаласындағы 80 автомобильге орнатылса, енді өңірге қарасты аудандардағы жедел жәрдем станцияларының автопаркі де қамтылып отыр. Бұл өз кезегінде бригадалардың қауіпсіздігін ғана емес, жұмыс барысын бақылауда ұстауға мүмкіндік береді.