Ақтауда жасөспірімдер жағажайдағы қоршауды қиратты

Ақтауда кәмелетке толмағандардың вандализмге бой алдыру дерегі азаятын емес, деп хабарлайды 24kz.

Жуырда қала жағажайында тұрған тас қоршауды балалардың қиратып жатқан сәті бейнебақылау құралына жазылып қалды. Полицейлер тәртіп бұзғандарды ұстап, олардың жақындарын оқиға орнына шақыртқан. Бұзақылыққа бой алдырған жасөспірімдердің ата-анасы айыппұл төлеуге міндеттелді. Сондай-ақ биыл Маңғыстау облысында инфрақұрылым нысандарын бұзу, көшедегі жасыл желекті бүлдіру бойынша 8 мыңнан астам адам әкімшілік жауапқа тартылып отыр.

Әлібек Намазов, Маңғыстау облысы бойынша жпб бөлім бастығы:

- Жаңа редакциясын ескере отырып, «Вандализм» дерегі ҚР Әкімшілік-құқықбұзушылық туралы кодексінің 488-бабының, яғни, кәмелетке толмағандардың вандализміне сәйкес келтірілді. Мұндай құқықбұзушылық Ақтау қаласының теңіз жағалауында жедел басқару орталығының бейнекамералары арқылы екі дерек анықталып, әкімшілік хаттама жасақталды.