Қызылордада 500-ден астам отбасы баспаналы болды

Үкімет басшысының орынбасары Тамара Дүйсенова Қызылорда облысына жасаған жұмыс сапары барысында пәтер кілттерін тапсыру іс-шарасына қатысты.

Сырдарияның сол жағалауынан жеті қабатты алты тұрғын үй бой көтерген еді. Жаңа пәтерлер кезекте тұрған 500-ден астам отбасына берілді. Вице-премьер тұрғындарды қоныс тоймен құттықтап, оларды баспанамен қамтуға алдағы уақытта да мемлекет тарапынан айрықша басымдық берілетінін айтты. 

Тамара Дүйсенова, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

- Алдыңғы жазда келгенімде де Қызылордадағы жаңа тұрғын үйлерге біраз азаматтарға кілт беріп қайтқан едім. Бүгін де міне еліміздің тәуелсіздігі мейрамының алдында, міне тағы да осында 500-ден артық пәтерлер берілгелі тұрғаннан кейін барлықтарыңызды осындай үлкен іс-шарамен құттықтағым келеді. 

Әсия Есенбекова, көп балалы ана:

- Бүгін мына тұрғын үйдің кілтін алуға келіп тұрмыз. 5 жылдан бері көпбалалы деп кезекте тұрғынмын. Өте қуаныштымын. Үй өте сапалы. Өте әдемі. Мен үшін өте қуаныштымын. Сіздерге көптен көп рақмет! Осындай үйлі болатын адамдарға, жандарға бұйыра берсін!