Ақмолалық депутаттар марапатталды
Биыл жергілікті Мәслихаттардың құрылғанына 30 жыл болды.
Осы уақыт аралығында халық қалаулылары талай ауыл мен қаланың дамуына сүбелі үлес қосты. Мысалы Ақмола облысында соңғы жылдары жергілікті депутаттардың ықпалымен бірқатар инфрақұлымдық мәселе шешімін тапқан. Айтулы датаға орай Көкшетауда өткен салтанатты жиында аймақ басшысы депутаттарға түрлі марапаттар табыстады.
Шара барысында алдымен ардагер депутаттар ұлықталды. Өңір дамуына өлшеусіз үлес қосқан жандарға «Қазақстан мәслихатына 30 жыл» мерейтойлық медалі табысталды.
Қазір облыстық мәслихат құрамында 32 депутат бар. Олар бұқара базынасын билікке жеткізіп, оның уақытылы шешілуіне ықпал етеді.
Бейбіт Жүсіпов, Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы:
- Осы 8-шақырылымның ерекшелігі осы екі жыл бойы аудандық, қалалық әкімшіліктердің бюджеттерін бекітерден бұрын, алдын ала күздігүні біз қарастырамыз. Олар өздерінің ұсыныстарымен келеді. Жалғыз ғана әкімішіліктің ұсыныс емес, ол халықтың сұранысы. Сондықтан депутаттар жан-жақты қарайды. Ол қаншалықты маңызды.
Жергілікті халық қалаулылары қалаға шалғай орналасқан ауылдардың мәселесін шешуге баса көңіл бөледі. Әсіресе, жол мен ауыз су сұрақтары бірінші кезете қаралады. Оған бөлінетін қомақты қаржының тиімді жұмсалуында назарда ұстайды.
Нұрлан Тәжин, Ақмола облыстық мәслихатының депутаты:
- Қорғалжын ауданы, көршілес Егіндікөл ауданы. Мен өзі 3 ауданның атынан депутатпын. Су мәселесі өте қиын болған. Биылғы жылы Егіндікөл ауданындағы су мәселесі толықтай шешілді толығымен. Қазір Егіндікөл ауданына су барып тұр.
Салтанатты шарадан кейін облыстық мәслихаттың сессиясы өтті. Онда депутаттар 2025-2027 жылдарға арналған бюджетті бекітті. Айталық, бюджеттің 60 пайызы әлеуметтік салаға бағытталмақ.
Абзал Азаматұлы, Евгений Шинкоренко