Атырау облысында су тасқынының алдын алу барысы тексерілді

Атырау облысында көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстары жүріп жатыр.

Үкімет басшысының орынбасары Қанат Бозымбаев елдімекендерді су тасқынынан қорғау шараларын бағалады. Жылыой ауданында Қамыскөл көлінің жағалауы нығайтыла бастады. Жем өзенінің 23 шақырым  және Құрсай каналы 35 шақырым арнасы тереңдетілді. Бұл жұмыстарға 100-ден астам техника жұмылдырылды. Қанат Бозымбаев Құлсары қаласының тұрғындармен кездесіп, су тасқынынан зардап шеккендер үшін салынған  үйлердің сапасын тексерді. Алмалы ауылында «Сарыөзек» каналының бойындағы 5,6 шақырым бөгеттер нығайтылып, Жайық өзенінің бойында ұзындығы 2,5 шақырым жаңа жағалау бекіткіштері салынып жатыр. Сонымен қатар Жайық өзені, Соколок каналы мен Каспий теңізі арасындағы негізгі буын саналатын Гоголь каналын тазарту және кеңейту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленген су тасқынын болжау мен модельдеудің жаңа жүйесі – «Tasqyn» жұмысы көрсетілді. Жүйе  жыл соңына дейін іске қосылады.