ШҚО-да орман маңайында бақылау күшейді

Шығыс Қазақстанда орманға күзет күшейді, деп хабарлайды 24kz.

Әдеттегідей жаңа жыл мерекесі қарсаңында шырша сатып пайда көргісі келетіндер көбейеді.

Сондықтан арнайы бекеттер ашылып, жерден де, көктен де барлау жасалып жатыр.Тіпті бұл іске арнайы техника да жұмылдырыды.

Орманшылар үшін отыз градус аяз кедергі емес. Өйткені орманды отаушылар қақаған қыс пен омбы қарды елейтін емес.  Жаңа жыл мерекесі да жақындап қалды. Демек сақтықты  күшейткөен жөн. Бұл Тарханка ауылының тұсы. Жасыл желек 35 мың гектарды алып жатыр. Қалаға жақын болған соң браконьерлердің көзі жиі түсетіні рас. Сондықтан  24 адамнан тұратын команда табиғат қаскөйлері өтуі мүмкін жолдардың бәрін қарайды. Қолдарында арнайы карта да бар.

Ауылдан шыққан көліктер мұқият тексеріледі. Он стационарлық бекеттен бөлек, мобильді топтар да жұмыс істейді.Мамандар табиғатқа зиян шектіргендердің қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын түсіндіріп жатыр.

Нұрлан Сәттібаев, «Өскемен орман шаруашылығы» КММ бас инженері:

- Күндіз түні кезекшілік ұйымдастырылды Келген кеткен үгіт-насихат жұмыстарын жүргіземіз және оларға парақшалар таратамыз. Осы күнге дейін жас қылқан ағаштарын кескен адамдар ұсталған жоқ. Ұсталған жағдайда ҚР ҚК 340-бабы бойынша қылмыстық жауапқа тартылады.

Өңіпдегі жазық және таулы жерлердегі орман алаптарының жалпы көлемі 1,5мың гектар. Мәселен Риддерде теңіз деңгейінен 1800м биіктікте жұмыс істеп жатқан орманшылық бар. Яғни ойлы-қырлы өңірді  жерден ғана бақылау жеткіліксіз,дейді аға инспектор Әсет Қизатов. Әсіресе, жас өскіндер көп өскен  алқаптар басты назарда.

Әсет Қизатов, ШҚО жергілікті ПД табиғатты қорғау тобының аға инспекторы:

- Әуеден барлау жасаудың маңызы ерекше. Риддер, Глубокое, Шемонаиха аудандарында енді ғана желкілдеп өсіп келе жатқан шыршалар көп. Сондықтан сол бағытта күзетті күшейттік.

Табиғатты қорғау инспекторларының күшейтілген жұмысқа көшуі нәтижесіз емес. Соңғы жылдары дәл осы желтоқсан айында заңсыз шырша кескендер болмапты. Дегенмен, бұл браконьерлер жыл он екі ай бойы әрекетсіз отырады деген сөз емес. 2023 жылы қаскөйлер 2 мың текше метр тал мен ағашты отап әкеткен.

Авторлары: Эльмира Ахметова, Дмитрий Пыхтин