Министрлік волонтерлер жұмысын қорытындылады
Келер жылы волонтерлерге арналған заңнаманы жетілдіру үшін жаңа тәсілдерді әзірлеу жоспарланған. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлап, саладағы жұмысты қорытындылады. Биыл мемлекеттік органдар волонтерлік қоғамдастықпен бірлесіп, 55 жобаны іске асырған.
Сонымен бірге еріктілер бастамасын қолдау мақсатында 240 шағын грант берілді. 42 мыңға жуық шара өткізіліп, 10 мың волонтер арнайы оқудан өтті. Қазір елде 755 ұйым, 2 мың бастамашыл топ, 275 мың белсенді жұмыс істейді. Көптеген ауқымды жобалар жүзеге асырылды. Соның бірі – «Игі істер марафоны». Жоба шеңберінде отандастырымыз 7 мың жануарға көмек көрсетіп, 3 мыңнан аса көшет екті. Оған қоса 240 тонна қоқыс жинады. Алдағы уақытта елде заңнаманы жетілдірумен қатар Ұлттық ұйымдастыру комитеті құрылмақ.