Түркістанда жемқорлықты жоюға қатысты үздік жобалар анықталды
Түркістанда жемқорлық мәселелерін шешу жолдарын ұсыну бойынша республикалық байқау қорытындыланды, деп хабарлайды 24KZ. Қазан айында жарияланған конкурсқа 100-ге жуық жоба қатысқан. Солардың арасынан іріктелген 10 жобаның авторы өз жұмыстарын қорғады. Жеңімпаздарға 725 мың теңгеден сыйақы берілді. Енді олар жобаларын алдағы сәуір айына дейін жүзеге асыруы тиіс.
Жалпы Түркістан облысының сыбайлас жемқорлық тәуекелдер картасына 11 сала енген. Олар: жер қатынастары, білім, әлеуметтік, денсаулық, бизнес, құрылыс сияқты маңызды салалар.
Нұрлан Құдайбергенов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті превенция басқармасының басшысы:
- Осы 11 саладағы тәуекелдерді жоюға қажетті тың идеялар мен жобаларды анықтау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Жоба нәтижесімен анықталған жеңімпаздардың жобасы осы Түркістан облысындағы жемқорлық тәуекелдерін жою барысында қолданылады.