Түркістанда 508 отбасы баспаналы болды

Түркістанда Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында 500-ден аса отбасы баспаналы болды, деп хабарлайды 24KZ. «Жібек жолы» тұрғын үй кешеніндегі 5 қабатты арендалық үй кезекте тұрғандарға берілді.

Олардың басым бөлігі – баспанаға мұқтаж көпбалалы отбасылар. Жаңа пәтер кілтін алып, қуанышы еселеніп жатқан жатқандардың бірі – Айдана Бақтиярқызы. Көпбалалы ана мереке қарсаңында көптен күткен пәтеріне қол жеткізгеніне қуанышты.

Жалпы жыл басынан бері қалада баспана кезегінде тұрған 482 отбасы баспаналы болды. Жыл соңына дейін тағы да 990 түркістандық пәтермен қамтылады деп жоспарланған. Қазір қалада 16 мыңнан аса адам тұрғын үй кезегінде тұр.

Айдана Бақтияр, қала тұрғыны:                    

- Бүгін үй алып жатырмыз. 7 бала-шағам бар. Көпбалалы анамын. Үйге кезекке тұрғанымызға 6 жыл болды. Бүгінгі күнге бұйырыпты, 3 бөлме. Қуаныштымыз, әкімнің қолынан бүгін кілт алып, үймізге кіріп жатырмыз.