Сәтбаевта 250 үй орталық кәріз жүйесіне қосылды

Сәтбаев қаласында жеке секторда орналасқан 250 үй орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылды.

Жоба өңірді дамытудың кешенді жоспары аясында жүзеге асты. Осылайша шағын шаһарды орталық кәріз желісімен қамту көрсеткіші 100 пайызға жетті. Дегенмен, мамандар бұл саладағы мәселе мұнымен бітпейтінін айтады. Себебі қаладағы осыған дейін қолданылып келген 200 шақырым кәріз құбырының 80 проценті тозған.

Сәтбаев қаласының шығыс бөлігінде орын тепкен бұл шағынаудан 90-шы жылдары құрылған. 250 ден астам жеке үй бар. Ұзақ жылдар бойы кәзір суы үшін құдық жазып келген тұрғындардың мәселесі өңірді дамытудың кешенді жоспары аясында шешімін тапты. Жергілікті және республикалық қазынадан бөлінген 640 млн теңгеге шамамен 5 шақырым кәріз құбыры тартылды. Автоматтандырылған 2 сорғы станциясы салынды.

Назгүл Сүттібаева, Сәтбаев қалалық құрылыс бөлімінің басшысы:

- Жоба бойынша 8 көше тұғын. 9-көше халықтың сұрауы бойынша іске қосылды. Осы тұрған Қажымұқан көшесі. Бұл көшеде кәзір желісі болмаған. Бүгінгі күні іске қосылып бұл кісілердің желісін орталықтандырылған жүйеге қосуға мүмкіндік туып отыр. 

Қалдық суды тұрғындар осыған дейін өздері қазып алған шұңқырға төгіп келді. Жер тастақ болған соң құдық қайта-қайта толып кетеді. Үйінің іргесінен өтіп жатқан орталық желіге алғашқылардың бірі болып қосылған Ерлан Сыздықов «енді бұл бейнеттен құтылатын болдық» дейді. 

Ерлан Сыздықов, қала тұрғыны:

- 2006 жылдан бастап канализацияны күтіп отырмыз. Әкімшілікке хат жаздық қаншама. Бір жағынан біз де қиналып кеттік. Ай сайын септик сорғызамыз. Биыл енді әкімшілік канализация орнатып берді. Бәрі тамаша. Жақсы істеп берді жігіттер. Бәрі тиянақты, өзіміз тексеріп отырдық.

Жаңадан жүргізілген кәзір жүйесі коммуналдық кәсіпорын балансына беріледі. Әрі қарай күтіп ұстау жұмыстарына солар жауапты болмақ. 70 мың тұрғыны бар қаладағы кәріз желісінің жалпы ұзындығы 200 шақырымнан асады. Оның шамамен 80 пайызы тозған. Кәсіпорын басшысы Ержан Тоқымбаев «ескірген желілер алдағы уақытта кезең-кезеңімен жаңартылады» дейді.

Ержан Тоқымбаев, жылумен, сумен жабдықтау кәсіпорны директоры:

- Біз инвест программа бойынша биылғы жылы 4 км ауыстырдық. Тағы да ЖКХ бөлімі берген бюджетінен 3 км жаңарды. Қазіргі таңда келесі жылға тағы инвест программадан 4 км ауыстырайын деп отырмыз. 

Қазіргі қарқынмен қаладағы кәріз жүйесін толық жаңғырту үшін кемінде 20 жыл уақыт керек. Жаңарту жұмыстарын жылдамдату мақсатында коммуналдық кәсіпорын «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасына қатысуға ниетті. 

Елдос Кәкенов, Нұрбол Үздікбаев