Орталық Азияда жаңа климаттық бағдарлама іске қосылды
Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азияға арналған жаңа климаттық бағдарламасы іске қосылды.
Осыған байланысты Ташкентте өңірлік семинар ұйымдастырылып, қалалардың табиғи апат пен төтенше жағдайға әзірлік мәселелері талқыланды. Жиынға бес мемлекеттің тиісті мекеме жетекшілері мен жапониялық дипломаттар қатысты. Мамандардың айтуынша, ғасыр соңына қарай Орталық Азиядағы ауа температурасы 3-5 градусқа жоғарылайды. Мұның соңы ылғалдың азаюына әкеп, экономикаға кері әсер етпек. Осы себепті Жапония тарапы табиғи апаттардың себеп-салдарымен күресу тәжірибесімен бөліспек ниетте. Бағдарлама бюджеті 5 млн
Әсел Нұрбекова, БҰҰ Даму бағдарламасының экология және энергетика департаментінің директоры:
- Бағдарлама шеңберінде Қазақстан бойынша Петропавл қаласының мәселелеріне баса көңіл бөлетін болдық. Бұл шаһар елдің бірқатар өңірі секілді қоршаған ортаның өзгеруі салдарынан тасқын судың зардабын шекті. Мәселенің күрделенуіне урбанизацияның күшеюі де әсер етіп жатыр. Біздің бағдарлама түрлі тәжірибелерді ұштастырып, климатқа бейімделу жағына көмек көрсетеді. Қазақстан жобаның үйлестірушісі. Аймақтағы барлық мемлекетке тең көмек көрсетіледі.