Полицейлер Қарағанды-Астана бағытындағы 700 көлікті діттеген жеріне жеткізді

Қарағанды облысында республикалық және облыстық маңызы бар тасжолдарында ауа райының бұзылуына байланысты кептеліс пайда болды, деп хабарлайды 24KZ. Көктайғақ салдарынан полиция қызметкерлері Қарағанды-Астана бағытында 700 көлікті жетегіне алып, Ақмола облысының аумағына дейін жеткізді.

Сондай-ақ Ақмола облысы аумағынан Қарағанды бағытына мыңнан астам көлік жөнелтілді. Полиция тұрғындарға алыс жолға шықпауға кеңес береді.