«Әскер тарланы» байқауы қорытындыланды

Елордада жыл сайынғы «Әскер тарланы» байқауы қорытындыланып, қызметте үздік нәтиже көрсеткен жауынгерлер марапатталды.

Бұл конкурс әскери қызметшілердің шеберлігін жетілдіруге бағытталған. Биыл іріктеу 24 аталым бойынша өтті. Үздіктердің қатарында Десанттық-шабуылдау әскерлерінің подполковнигі Нұржан Құлманжанов, барлау ротасының сержанты Руслан Мақсұт, артиллериялық есеп-топтың командирі аға сержант Еркебұлан Тілеукен, «Теңіз тарланы» атағын иеленген капитан Шахрух Абдуразаков және басқа да жауынгерлер бар. Кәсіби байқау жеңімпаздарын марапаттаған қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов әр қатысушының жауынгерлік даярлығы мен әскери тәртібін жоғары бағалады.

Шахрух Абдуразаков, «Орал» зымыран-артиллериялық кемесінің командирі:

- Бүгін мен үшін қуанышты сәт. ҚР қорғаныс министрлігі тарапынан «Әскер тарланы» конкурсына қатысып "Теңіз тарланы" мәртебесіне ие болды. Бұл маған алдағы уақытта ҚР әскери-теңіз күштерінде Каспий теңізінің аумағында ары қарай қызмет атқарып, экипажыммен бірге барлық тапсырмаларды орындау үшін үлкен мотивация болып табылады.