Атырауда борышкерлер құмар ойынға 4 жылда ₸800 млн аударған

Атырау қалалық прокуратурасының мәліметінше, 326 борышкер соңғы 4 жылда құмар ойындарға 800 млн теңгеден астам ақша жұмсаған.

Қадағалау органының нұсқауымен ойынға бой алдырған 45 адамға букмекер сайттарына кіруге шектеу қойылды. Тағы 11-інің үстінен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, 14 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 Тайбек Құлтайұлы, қалалық Прокуратураның бөлім прокуроры:

- Осы дерекке қатысты әрекетсіздік танытқаны үшін 69 жеке сот орындаушысы тәртіптік жауаптылыққа тартылды және 2 жеке сот орындаушысы қызметін жүзеге асыру лицензиясынан айырылды. Борышкерлердің назарына алимент төлеу жөніндегі міндеттерді орындамаған үшін әкімшілік және қылмыстық жауаптылық көзделгенін ескертеді. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау қала прокуратурасының қатаң бақылауында.