Солтүстік Қазақстан облысында «көлеңкелі» экономикадан 1 млрд теңге тәркіленді

Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері «көлеңкелі экономикадан» 1 млрд теңге тәркіленді. 

2 мыңнан астам құмар ойыны сайты бұғатталды. Бұл туралы экономикалық тергеу департаментінің басшылары мәлімдеді. Заңсыз айналымнан шығарылған қаржы бюджетке қайтарылды. Дегенмен, өңірде салықтан жалтару, рұқсат етілмеген кәсіппен айналысу, қаржы пирамидасын құру, құмар ойын ұйымдастыру секілді қылмыстар тыйылмай тұр.

Самат Шәрішев, экономикалық тергеу департаменті бастығының орынбасары:

- Мысалы, жыл басынан бері өңірде кибер қадағалау жүйесі арқылы 2518 құмар ойын сайтының сілтемесі бұғатталды. Бұл олардың одан әрі таралмауына мүмкіндік береді. Сонымен қатар 3 салықтан жалтару дерегі тіркеліп, мемлекетке 500 млн теңге қайтарылды.