ҚР ТЖМ: ұшақ апатынан 29 адам аман қалды

Ұшақ апатынан зардап шеккендер анықталуда. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 29 адам аман қалған. Оның 2-уі бала.

Олар шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Айта кетейік, қазір Ақтау қаласының әуежайы ашық, қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Ал қазір назарларыңызға тірі қалған жолаушыларды құтқару барысы туралы видеоны ұсынамыз