Биыл Мәжілісте 106 заң жобасы қаралды

Парламенттің төменгі палатасында Мәжілістің биылғы жұмысы қорытындыланды. 

Сессия басталғалы бері 106 заң жобасы қаралған. Оның ішінде 37 заң қабылданып, 19 күні  Президент қол қойды. Осы жылы депутаттар тарапынан елеулі жұмыс атқарылды. «Ең бастысы халқымыздың әл-ауқатын арттыру және Мемлекет басшысының тапсырмаларының орындалуы әрдайым басты назарда болуға тиіс», - деді Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов. 

Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

- Жуырда біз өңірлерге іссапарға шығамыз. Басты мақсат – жергілікті жерлердегі сайлаушыларға қабылданған заңдардың мән-маңызын, істеліп жатқан жұмыстардың жай-жапсарын жеткізу. Сонымен бірге олардың өңірлерде қалай жүзеге асырылып жатқанына көз жеткізіп қайтуымыз керек. Алыс ауылдарға, еңбек ұжымдарына барып, елді толғандырып жүрген проблемаларды біліп, әдеттегідей оларды Үкімет назарына жеткізуге тиіспіз.