Қырғыз диаспорасы: Ақтау ауруханасындағы қырғыздардың екеуі тәуір.LIVE
Ақтауда құлаған ұшақтың ішінде Қырғызстан азаматы қасындағы екі отандасына көмектесіп үлгерген. Бұл туралы «Ала-Тоо» қоғамдық бірлестігінің төрағасы айтты.
Еркебұлан Смадияров, тілші:
- Иә, аурухананың кіреберісінде жүрміз. Ішке кіріп, науқастармен тілдесу мүмкін болмады. Оған рұқсат жоқ. Жаңа ғана қырғыз диаспорасының өкілдері келді. Соның ішінде "Ала тоо" қоғамдық бірлестігінің төрағасын жолықтырдық. Оның айтуынша, ауруханада 3 қырғыз жатыр. Соның екеуі тәуір. Ал біреуінің жағдайф ауыр күйде. Апат орнында біреуі есін жиып үлгеріп, қасындағы екі серігін ұшақтан алып шыққан.
Маматқадыр Нарқозуев, «Ала-ТОО» қырғыз этно-мәдени бірлестігінің төрағасы:
- Бортта сол біреуі өзіне келіп, екеуіне көмектесіп алып шығып тұр. Елшілік сұрап жатыр. Қырғызстан министрлігі Қазақстанға көмегі үшін разылығын білдіріп жатыр. Көмектесіп, қанша адам қан тапсырып жатыр. Осындағы ақхалаттыларға риза болып отыр. Жігіттерді алып кетуге мүмкіндік бар. Дәрігерлерге қазір кіремін.
Еркебұлан Смадияров, тілші:
- Бірлестік төрағасының мәліметінше, қызғыз жігіттері Грузияға бармақ болған. Алайда Қырғыз Республикасынан Грузияға тікелей әуе рейсі болмағандықтан, Әзірбайжаннан Ресейге бағыт алған екен. Қазір ауруханадағы өзге де науқастарға медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Мұнда 18 жолаушы жатыр. 7і жансақтау бөлімінде. Оның ішінде біреуінің жағдайы өте ауыр.