Жетісулық белсенділер апаттан зардап шеккендерге қан тапсырып жатыр

Жетісулық волонтерлер де Талдықорғандағы қан орталығына барып, Ақтау қаласы маңындағы ұшақ апатынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін қан тапсырып жатыр, деп хабарлайды 24KZ. Белсенді жастар бұл шараға тек өздері емес, таныстарын да атсалысуға шақырған. Жергілікті мамандардың мәліметіне сүйенсек, таңнан бері 50-ден астам адам қан тапсырған.

Заида Құрмашева, «Ассамблея жастары» еріктілер тобының мүшесі:

- Біз осы қайғылы оқиғада зардап шеккендер үшін қатты алаңдаймыз және де осылай қан тапсыру арқылы өзіміздің көмегімізді беруді жөн көрдік. Бұл өмірмен күресіп жатқан адамдар үшін өте нақты мүмкіндік десек те болады.

Марат Досқалиев, облыстық қан орталығының директоры:

- Ақтаудың қасында 2-3 облыс бар. Олардың өздерінің қан орталықтары бар. Сол жерде қан жеткілікті. Бірақ егер жағдай болып сұраса, онда осы қанды біз жібереміз.