Республикалық жыр мүшәйрасы қорытындыланды
«Алтын Орда атасы Жошы хан».
Астанада осындай атаумен республикалық жазба ақындардың жыр мүшәйрасы өтті. Жыр бәйгесіне 90-нан астам ақын қатысқан. Олар "Алтын Орда атауымен танылған қуатты мемлекет, Жошы ұлысының негізі қаланғанына 800 жыл толуына орай өлең-жырларын арнады. Елдік, өрлік, бірлік тақырыбындағы шығармалар жарысында топ жарған 11 сөз зергеріне ақшалай сыйлық пен сертификаттар табысталды.
Ғалым Жайлыбаев, ақын, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері:
- Өлең қай уақытта да әдебиеттің ең алдында тұратын жанр. Оның үстіне біздің ақындарымыздың шығатын мінбері, трибунасы. Сондықтан бүгінгі бәйге алатын ақындарды құттықтаймын. Осындай іс-шараларды біздің басқа партиялар да, басқа бірлестіктер де көбірек жасай берсе деп ойлаймын.