Жоғары сот кеңесі 126 үміткерге ұсыным берді
Жоғары сот кеңесі 126 үміткерге аудандық және оларға теңестірілген соттар судьяларының бос орындарына ұсыным берді. Бас-аяғы 207 бос орынға конкурс жарияланған. Оған 237 үміткер қатысты. Бул туралы ҚР Жоғары сот кеңесінің кезекті отырысында белгілі болды.
Жалпы кадр резервіне 91 судья алынды. Кеңес 2025 жылға арналған бос судьялық лауазымдарға конкурстар мен іріктеулер өткізу кестесін бекітті.
Дмитрий Малахов, ҚР Жоғары сот кеңесінің төрағасы:
- 5 тамызда кеңес аудандық соттардың судьяларының 118 бос орнына конкурс жариялады. Оның нәтижесі шыққаннан кейін қосымша бос орындар пайда болғаны хабарланды. Оның аясында кеңеске қосымша 173 өтінім түсті. Кеңес отырысында 207 бос орын бойынша қорытынды жарияланады.