Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің құрылғанына 90 жыл
Алматыдағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің құрылғанына 90 жыл. Білім ордасының мерейлі мерекесіне арналған салтанатты шараға мемлекет қайраткерлері, ғалымдар, университетпен серіктестік орнатқан шетелдің жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқыды. Хатта Мемлекет басшысы университеттің мерейлі белесі ұлттық ғылым және тұтас білім беру жүйесі үшін айтулы оқиға екенін атап өткен. Әл-Фараби университеті еліміздегі алғашқы білім шаңырақтарының бірі. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин университеттің Орталық Азия жоғары оқу орындарының халықаралық рейтингтеріндегі көшбасшылығын жоғары бағалады. Жиын барысында Ерлан Қарин Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында университет қызметкерлеріне мемлекеттік марапаттар, жас ғалымдарға пәтер кілттері табыстады.
Ерлан Қарин, ҚР Мемлекеттік кеңесші:
- Қасиетті қара шаңырақ ғасырға жуық уақыт ішінде іргелі білім ордасына айнылды. Білікті мамандар ұстаханасы ретінде өзінің бірегей дәстүрін қалыптастырды. Онда халқымыздың біртуар перзенттері әйгілі академиктер дәріс оқыды. Универсиеттің мыңдаған түлегі, ел игілігіне қызмет етіп, Қазақстанды дамытуға өз үлесін қосты.