Ақтауға шетелден Халықаралық азаматтық авиация ұйымының өкілі келді
Ақтау қаласына Халықаралық Азаматтық авиация ұйымы Бас хатшысының тапсырмасына сәйкес арнайы бақылаушы - авиациялық оқиғаларды тергеу секциясының (ИКАО) басшысы Тормодур Тормодсон ұшып келді.
Бұл туралы Көлік министрлігі хабарлады. Халықаралық Азаматтық авиация ұйымы Қазақстанның авиациялық билік өкілдерінің тергеп тексеру барысындағы ашықтығы мен мүдделі мемлекеттермен өзара әрекетін жоғары бағалады. Айта кеткен жөн, қазір халықаралық 17 сарапшының бәрі Ақтау қаласында. Бүгін олар Көлік министрлігіне қарасты Комиссияның жиналысына қатысты. Марат Қарабаев басқарған комиссия жұмыс жоспарын нақтылады. Комиссия оқиға орнына толық құраммен бірге барып, апатқа ұшыраған әуе кемесінің элементтері жиналатын арнайы ангарды қарайды. Әуе кемесінің элементтерін жинайтын күн бірлесе бекітіледі.