84 мың дана отшашу тәркіленді

Жаңа жыл қарсаңында тәртіп сақшылары күшейтілген жұмыс режиміне көшті.

Мәселен бүгінде сертификатталмаған пиротехникалық бұйымдарды анықтау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Осы уақытқа дейін 8 мыңнан астам рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды. Бұл шараларға 4800-ге жуық полицей тартылды. Рейдтер барысында 743 құқық бұзушылық анықталды. Алып-сатарлардың басым бөлігі сертификатталмаған отшашуларды саудалағаны белгілі болды. Сондай-ақ пиротехникалық бұйымдарды сақтауда қауіпсіздік талаптары ескерілмеген оннан астам дерек тіркелді. Полицейлер 84 мың дана отшашу тәркіледі.