Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар үшін 22 мыңнан астам нысан бейімделді
2024 жылы 22 мыңнан астам нысан мүгедектігі бар жандарға сай бейімделді. Оңалтудың техникалық құралдарының инновациялық фабрикасы іске қосылды.
Оның шеңберінде балалар қымбат техникалық құралдарға қол жеткізді. Бұл арнайы бағдарлама аясында іске асты. Мүгедектігі бар адамдардың құқығын қамтамасыз ету және тұрмыс жағдайларын жақсарту жөніндегі 2019 жылы басталған ұлттық жоспар осы жылы аяқталды. Құжат 10 бағыт бойынша 95 іс-шараны қамтыды. Саладаға жұмыс жаңа жобада жалғасады. Биыл 2030 жылға дейін жұмыс істейтін Инклюзивті саясат тұжырымдамасының жобасы жасалды. Ол мүгедектігі бар адамдардың құқығын іске асыруды және олардың қоғамға толыққанды интеграциялануын қамтамасыз етеді.