Семейлік полицейлер ірі есірткі бизнесінің жолын кесті

Абай облысында ірі есірткі бизнесінің жолы кесілді, деп хабарлайды 24KZ. Семейлік тәртіп сақшылары қара нарықтағы құны 20 млн теңгеден асатын мефедрон есірткісін тәркіледі. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады. Салмағы жарты келіден асатын психотроптық зат шамамен 1500 дозаға тең.

Заңсыз бизнесті Семей қаласының 26 және 28 жастағы екі тұрғыны ұйымдастырған. Қылмыскерлер есірткіні интернет-дүкен арқылы таратқан. Қазір олардың әрқайсы 10 жылға бас бостандығынан айырылды.