Бұрынғы вице-министрге қатысты тергеу аяқталды

Бұрынғы мәдениет және спорт вице-министріне қатысты тергеу аяқталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, шенеунік пен мердігер ұйым басшылығы қылмыстық әрекет бойынша күдікке ілінген. Олар қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланды және ірі көлемде қаражат жымқырды деп айыпталып отыр.

Данияр Бегайдар, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі:

- 1 млрд теңгеден астам қаражат жымқырды деп айыпталып отыр. 13 желтоқсанда Бас прокуратура күдіктілерді сотқа берді. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.