Үкімет еңбек адамының мәртебесін көтеру үшін тиісті шаралар қабылдайды
Үкімет еңбек адамының мәртебесін көтеру үшін тиісті шараларды қабылдайды. Себебі экономиканың дамуы өз кәсібін жетік меңгерген мамандарға байланысты.
Елде жұмысшы мамандықтарын даярлау және қолдау мәселесіне арналған отырыста Олжас Бектенов осылай деді. Премьер-министр еңбек жағдайларын жақсарту, қауіпсіздік талаптарының сақталуына бақылауды күшейтуді тапсырды. Кәсіпорындарда еңбек дауларына жол бермеу үшін алдын алу шаралары қабылдануға тиіс. Еңбек министрлігіне кәсіпорындардың цифрлық картасын енгізу жайында нақты тапсырма берілді.