Елде техникалық мамандықтарға сұраныс жоғары
Қазақстанда техникалық мамандарға күн сайын сұраныс артып келеді. Еңбек министрлігінің мәліметінше 6 жылдан кейін бұл салада 1 миллионға жуық кадр қажет болады. Үкімет аталған мәселені шешу үшін білім жүйесіне өзгеріс енгізіп, грант санын арттырып жатыр.
Бұл Астана қаласы әкімдігінің кәсіптік-техникалық колледжі. Мұнда 800-ге жуық студент 10 бағыт бойынша білім алады. Басымдық техникалық мамандықтарға берілген. Яғни электр-газбен дәнекерлеуші, токорь, автокөліктерге техникалық қызмет көрсету және электрик, құрылысшы секілді еңбек нарығына аса қажетті мамандарды дайындайды.
Омарбек Тілеубаев, Колледж директорының орынбасары:
- 2025 жыл жұмысшы мамандықтар жылы болып жарияланған болатын. Осыған байланысты биыл келген оқушыларымыздың барлығына жұмысшы адамның мәртебесін өсіру, еңбек нарығындағы, өмірдегі орны туралы қосымша білім беріп отырамыз. Себебі жақсы маман өз маманығын сүймейінше жақсы маман шықпайды.
Колледж қабырғасына көбіне 14-15 жастағылар келеді. Олар алғашқы жылы теорияға мән берсе, екінші курста тәжірибеге ден қояды. Яғни зертхана, шеберханаларда біліктілігін арттырады. Ол үшін оқу орын басшылығы қаладағы 60-тан астам кәсіпорынмен келісімге келген.
Омарбек Тілеубаев, Колледж директорының орынбасары:
- Біздің мамандарға сұраныс көп. Бітірген түлектеріміздің 83 пайызына дейін бітірген алғашқы айында жұмысқа орналасып үлгереді. Қалғандары әскер қатарына шақырылатындары бар. Болмаса өз істерін ашып, өзін-өзі қамтамасыз ететін жастар бар. Жалпы біздің түлектер толық жұмыспен қамтылады. Далада қалып жатқан жоқ.
Колледждегі болашағынан үлкен үміт күттіретін студенттердің бірі - Санжар Халел. Қазір World Skills жобасының республикалық кезеңіне дайындалып жатыр. Оған автокөліктердің қозғалтқышын бұзып-жинау, диагностика жасау түк қиын емес. Қажет десеңіз кәріс, жапон, неміс машиналарын оңай жөндейді. Өзінің ізденісі мен белсенділігінің арқасында қазір қосымша жұмыс істеп, ақша табатын деңгейге жеткен.
Санжар Халел, студент:
- Мен СТО-да автоэлектрик болып жұмыс істеймін. Өз клиенттерім бар. Маған адамдар хабарласады. Таныстарым, туыстарым, достарым бәрі мені біледі. Осы салаға кішкентай кезімнен қызығып келдім. Бұл колледжде ең бірінші Аманжол ағайыма риза болдым. Ол маған 1 курстан бастап бәрін үйретті.
Аманжол Мейрамбаев, ұстаз:
- Автослесарь топтары, автомеханик топтары бойынша даярлап, шамамыз келгенше үлкен дәрежеге жеткізуге тырысамыз. Осының 14-16 аралығында республикалық сайыс болғалы жатыр World Skills деген. Соған Халел Санжар деген оқушымды дайындап жатырмын. Технология жыл сайын, ай сайын өзгеріп жатыр. Технология дамып жатыр. Техника жағынан да қалып жатқан жоқпыз. Балаларды үйретіп, оқытып жатырмыз .
Мұның енді қандай шеберхана екені айтпаса да түсінікті шығар. Қазір өмірімде алғаш рет дәнекерлеу аппаратын қолданып, өзімді сынап көрмекпін.
Бекзат Бекманов, ұстаз:
- Былтыр бітіріп кеткен оқушыларым бар. Олар әлі күнге дейін келеді, рақметін айтады. Бәрінің айлығы жақсы. Кезінде осында оқыдық. Енді қазір бір-бір маман болып отыр. Көп жерде іздеп келіп жатады. Көп ұйымдардан хабарласып, менен балаларды іздеп сұрайды.
Дәнекерлеуші – дәрежелі мамандық. Қазір оларға құрылыс саласында сұраныс көп және кез келген өндіріске ауадай қажет. Яғни кадр тапшылығы сезіледі. Десе де соңғы жылдары әсіресе электр-газбен дәнекерлеуші болып жұмыс істейтін жастар саны артып келеді. Оған жыл сайын көптеп бөлінетін грант дәлел.
Бекзат Бекманов, ұстаз:
- Мынау бізде балаладың республикалық жарыста жасағаны. World skills-та. Ал мынаны қала ішіндегі жарыста жасап 1-орын алған. Бұл алюминийдан жасалған дәнекерленіп. Дәл осындай нежовика дейді дәнекерленген. Қайсысын жасау қиын? Алюминиий қиын негізі. Не үшін? Себебі алюминий тазалықты жақсы көреді. Ол кір болса дәнекерлеу қиын болады. Мынадай қара дақтар түседі. Алдымен тазалап аламыз. Содан кейін бастаймыз істеуді. Мынау бізде орындық алюминийден істелген. Жеп-жеңіл. Тағы ерекше не бар?! Мынау балалар торы. Жаңағы полуавтоматпен істеген.
Бүгінде елордада студенттерді техникалық мамандықтарға даярлайтын 32 колледж бар. Соның 10-ы мемлекеттік болса, қалғаны жекеменшік оқу орындары. Олардың басты мақсаты бәсекеге қабілетті маман дайындап шығару.
Әлімхан Қарағожин, ұстаз:
- Бұл колледждің ішінде біз жол құрылыс машиналарының машинистерін дайындаймыз. Жол құрылыс машиналарының 18 түрі бар. Соның ішінде біз жүк тиегіш, далада полигонда бульдозер мен кран, экскаватор тұр. Осыларды дайындаймыз. Машинистарын дайындаймыз.
Омарбек Тілеубаев, Колледж директорының орынбасары:
- Жалпы елімізде автокөлік нарығы электромобилдерге ауысып жатыр. Енді ол 1 күнде ауысып кететін мәселе емес. Бүкіл әлем бірте-бірте ауысқаннан кейін біз де осы мамандықты тереңірек оқытуды қолға алып жатырмыз. Автоэлектриктер деп айтамыз. Одан кейін электромомилдер, электрокарлар деп айтамыз ғой, сол көліктерге қызмет жасайтын мамандарды даярлауға көңіл бөліп жатырмыз.
Айта кетейік биыл техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары жаңа оқу жылында 145 мың талапкерді қабылдады. Яғни былтырғы грант саны 85 мың болса, осы жылы тағы қосымша 60 мың орын бөлінді. Оқуды сәтті аяқтаған соң жұмысқа орналасу мәселесі тағы бар. Осы тұста арнайы жоба іске асып келеді. Қазір колледждер жұмыс берушілердің тапсырысымен маман дайындайды. Осыны ескере келе нарықта сұранысқа ие мамандықтарға 10 мың студент оқытылады.