Орталық Азия гляциологиялық орталығының қызметі жаңғыртылады

Отандық ғалымдар мұздықтардың еруімен қатар сел тасқындарынан болатын қауіптердің алдын алу жолдарын зерттейді, деп хабарлайды 24kz.

Ол үшін Президент тапсырмасы бойынша ЮНЕСКО аясындағы өңірлік гляциологиялық орталығының қызметі қайта жаңғыртылмақ. Үкімет Біріккен ұлттар ұйымымен Орталық Азия өңірлік гляциология орталығының мәртебесін қайта жалғастыру туралы қаулы қабылдады. Қазір орталықты арнайы ғимаратпен қамтамасыз ету мәселесі қарастырылып жатыр. Келісім Орталық Азиядағы мұздықтардың, қар мен мәңгілік мұздың жағдайын бақылауға, ғылыми зерттеу жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл елдің су қауіпсіздігімен тікелей байланысты.

Айта кетейік, гляциология – мұздықтардың ерекшеліктерін, даму заңдылықтарын, құрамын, кеңістікке таралуын зерттейтін ғылым.