Елімізде көлікті техникалық байқаудан өткізу талабы күшейтіледі
Соңғы 3 жылда елдегі көліктердің техникалық тексеруден өткізілгенін растайтын 4000-нан астам құжат жалған деп танылып, заңды күшін жойды, деп хабарлайды 24kz.
Өйткені осы күнге дейін көп жүргізуші темір тұлпарын арнайы орталыққа кіргізбей-ақ, қашықтан заңсыз құжат жасатып келген. Олқылықты түзеу үшін биыл сәуір айынан бастап елде көлікті техникалық байқаудан өткізу талабы күшейтіледі. Тексеру кезінде мамандар көліктің құжаттағы фотосуретіне қарайды. Егер арнайы бағдарлама арқылы өңделгені немесе белгілі бір тұстары өзгертілгені анықталса, тапсырыс беруші де, оны орындаушы да әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Сондай-ақ техникалық байқау орталықтары көліктің жарамдылығын растауға арналған құрылғылардың, білікті мамандардың және жалпы стандартқа сай ғимараттың барын жергілікті жердегі құзырлы органдарға дәлелдеуі керек. Әйтпесе, олардың қызметі заңсыз деп танылады.
Бауыржан Шайдолла, «ҚР Техникалық байқау операторларының одағы» заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер бірлестігі қауымдастығының президенті:
- 2012 жылдан бастап сол параметрлер барлығы кіріп отыр. Қазіргі бұйрықпен «хабарландыру» талабы кетеді де, «рұқсатнама» талабы келеді. Ғимаратты келіп, тексеріп, қабылдайды. Содан кейін ғана реестрге кіргізеді. Фотошопы болды, талапқа сәйкес келмейтін техникалық байқау құжаттары анықталды.