Көкшетаудың коммуналдық қызметі тәулік бойы жұмыс істеп жатыр
Көкшетауда қалың қар жауып, коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды 24KZ. Жұмысшылар екі ауысымда еңбек етеді. Қалада қыс басталғалы 60 мың текше метр қар шығарылды.
Коммуналдық мекеме жұмысшылары көшелер мен жаяу жүргіншілер жолын қар мен мұздан тазартып жатыр. Олар ауа райының қолайсыздығана қарамастан күні-түні тынымсыз еңбек етіп жүр.
Владимир Герлих бастаған бригада бірнеше көшенің тазалығына жауапты. Владимир еңбек жолын қарапайым жол қызметкерінен бастаған.
Владимир Герлих, коммуналдық мекеменің бригадирі:
- Алдымен жұмысшы болып жұмыс істедім. Күректеп көшелерді, тротуарларды тазаладым. Қазір бір топ жұмысшыға басшылық етемін. Жұмыс таң ата басталады, тапсырма беріледі. Әр бригаданың учаскесі бар.
Қатты боран соғып, қалың қар жауса, коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыс режиміне көшеді. Бір күнде қаладан екі мың текше метрге дейін қар шығаралады.
Владимир Герлих, коммуналдық мекеменің бригадирі:
- Көшелерді қардан тазарту үшін біз барлық жұмысты істеп жатырмыз. Яғни, адамдар қала ішінде еш кедергісіз қатынай алады. Жұмыс қатты ауыр емес, ұқыптылық пен шыдамдылық керек. Қар көп жауса, енді ауырлау болады.
Жалпы қазір қала бойынша 70-ке жуық техника және 100-ге тарта адам жұмыс істеп жатыр. Олар алдымен қозғалысы қарқынды орталық көшелерді қардан тазартады. Кейін қала шетіндегі жолдарға көшеді.
Ерболат Серікбаев, қалалық ТҮКШ бөлімі басшысының орынбасары:
- Қазіргі уақытта 58 мың текше метргі жуық қар шығарылды. Сонымен қатар 145 текше метр инерттік материал себілді. Бұл көктайғаққа қарсы жасалған жұмыстар. Жол қауіпсіздігін сақтау мақсатында көше-жолдарға және жаяу жүргінші жолдарына биылдан бастап арнайы реагенттер себіліп жатыр. Яғни бұл көктайғақты азайту мақсатында жүргізілген жұмыстар.
Қыс басталғалы қаланың жолдарына көктайғақ болмас үшін арнайы химиялық реагенттер себіледі. «Бұл апаттар мен басқа да жазатайым оқиғалардың алдын алуға мүмкіндік береді», – дейді мамандар.
Авторлары: Аслан Әбутәліпов, Евгений Шинкаренко, Виктор Полянный.