«Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесі: Президент заңға қол қойды
іне жиналған қаржыға мемлекет жыл сайын 5%, ал әлеуметтік осал топтағы балалар үшін 7% мемлекеттік сыйақы төлейді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті заңға қол қойды. 5 жасқа толған балалардың есепшотына мемлекеттен 235 920 теңге, ал ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар үшін 471 840 теңге көлемінде бірреттік білім беру капиталы түседі. Ата-аналарға да бірқатар талап қойылады. Жыл сайын баланың шотын кемінде 94 368 теңгеге дейін толықтыру қажет. Жиналған қаржыны техникалық, кәсіптік білім алуға, жоғары білім алуға және оны жетілдіруге жұмсауға болады. Оған қоса тұрғын үй жағдайын жақсартуға да мүмкіндік беріледі.