Қазақстанда пара беруді ұсынғандарға қылмыстық жауапкершілік енгізіледі
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі пара беруге уәде ету немесе пара беруді ұсыну үшін қылмыстық жауапкершілікті енгізбек, деп хабарлайды 24kz.
Тиісті заң жобасы Мәжіліске ұсынылды. Жалпы мұндай ұсынымдар Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы сарапшыларының есептерінде тұрақты негізде қамтылған. Пара беруді қылмыс деп тану бойынша түзетулерді пысықтау барысында халықаралық тәжірибе мұқият зерделенген.