Ақтүтек боранға байланысты елде жол қозғалысы қиындады
Ақтүтек боранға байланысты таңнан бері елде жол қозғалысы қиындады.
Бірнеше өңірде республикалық маңыздағы жолдар жабылды. Көлік қозғалысы шектелген өңірлер қатарында Ақмола, Қостанай, Қызылорда, Ұлытау және Қарағанды облыстары бар. Ал Қарағанды облысындағы Теміртау қаласының тұсындағы кептелісте шамамен 300-дей көлік тұр. Бұған дейін Қарағанды облысының полиция департаменті жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Астана-Қарағанды бағытындағы жолды жапқанын хабарлаған еді.