Бас прокуратура: Елде ең көп тіркелген қылмыс – алаяқтық

Алаяқтар айылын жиятын емес. Былтыр елде мұндай 45 мыңнан астам дерек тіркелген. Бұл барлық қылмыстық істің 34%-і. Бас прокуратура жариялаған ресми статистика осындай.

Оның ішінде интернет алаяқтары қаржы құрылымдарының атын жамылып, салымшыларды сан соқтырып кетіп жатыр. Сондай-ақ месенджерлер арқылы түрлі сілтемелер жіберіп, жеке деректерге қол сұғушылар көбейген. Елде киберқылмысқа қарсы күрес шараларына полицейлермен қатар волонтерлер де жұмылдырылып жатыр.

Бек Қази, киберволонтер:

- Компьютерлік сауаттылық болмаған себебінен көбісі сондай сілтемелерге өтіп қояды да, өзінің ақшасынан, болмаса суретінен айырылып қалады. Бізде оны алдын алу себебімен соны қарастырамыз. Осы жерде отырып, сол сілтемелерге анализ жасап, органдарға жіберіп отырады.