Астана – Бурабай тас жолында қалған жолаушыларға ыстық тамақ жеткізілді

Жергілікті әкімдік еріктілермен бірге осылай көмек көрсетіп жатыр. Елорданың шығаберісінде 500-ден астам көлік жиналып қалған. Құтқарушылар олардың 300-ден астамын кері қайтарды. 30 шақты адам жылыту пункттеріне уақытша орналастырылды.

Төтенше жағдайлар министрлігі шұғыл көмек алу және ақпаратты нақтылау үшін 112 нөміріне хабарласу керегін еске салады.