Қызылорда облысында киік мүйізі тәркіленді
Қызылорда облысында ақбөкеннің терісін сыпырып жатқан екі адам ұсталды, деп хабарлайды 24KZ. «Охотзоопром» мекемесінің қызметкерлері күдіктілерді «Арысқұм» кен орнынан 25 шақырым жерде қолға түсірген. Оқиға орнына полиция шақыртылып, тұрғынжайдың маңын тексеру барысында барлығы 5 бас киікке ұқсас аңның өлі денесі табылады.
Күдіктілер киік аңының денесін Қызылорда қаласына қарасты Абай ауылының тұрғынынан сатып алғанын айтқан.
Қайырбек Махамбетәлиев, «Охотзоопром» өндірістік бөлімшесінің инспекторы:
- Жалағаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Қызылорда қаласы Абай ауылына барып, Абай ауылындағы тұрғын үйдің ішіне тексеру, тінту жұмыстарын жасап, 50 дана ақбөкеннің мүйізі және 3 бас ұйытылған бас анықталды. ҚР ҚК 339 бабының 2-ші тармағымен іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.