Маңғыстау облысында сарбаздың өліміне қатысты қызметтік тексеріс жүргізілді

Маңғыстау облысында қатардағы жауынгер Марат Барқұловтың өліміне қатысты Қорғаныс министрлігі қызметтік тексеріс жүргізді. «Батыс» өңірлік қолбасшылығының басшысы тәртіптік жазаға тартылды. Ал әуе қорғанысы күштерінің бастығы қызметінен босатылды. Тағы 8 офицерге тәртіптік жаза беріліп, әскери бөлім лейтанантына қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Еске сала кетейік, былтыр 7 қыркүйекте «Оймаша» полигонындағы оқу-жаттығу жиынында қатардағы жауынгерге оқ тиіп, көз жұмды.

Тілеухан Басқожаев, ҚР Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы:

- Мұндай жағдайда сот ісін жүргізу тәртібі белгіленген. Сотқа белгілі бір тұлғалар қатысып жатыр. Олар: төрағалық етуші, айыптаушы, қорғаушы. Ал қоғамдық қорғаушылар мен Қорғаныс министрлігінің өкілі судьяның шақыруы бойынша қатыса алады. Оның сонда болуы міндетті емес.