Өскеменде ескі көпірді жөндеуге 600 млн теңге бөлінді
Өскеменде Үлбі өзені үстімен өтетін көпір тағы да жөнделіп жатыр.
Ескі нысанның бір тіреуін былтыр көктемде су шайып кеткен еді.
Жазда оны қалыпқа келтіріліп ашқанымен мамандар өзге тіреулерін қайта бекіту туралы шешім шығарды. Әйтпесе көктемде апатты жағдай қайталануы мүмкін дейді олар.
Бұл көпір осыдан 80 жыл бұрын салынған. Былтыр оның төрт тіреуі қайта бекітілді. Бірақ геодезиялық зерттеулерден кейін қалған тіреулердің ең төменгі бөліктері шіріп кеткені белгілі болды. лды. Әсіресе ағашпен құрсауланған іргетасы босаңси бастаған. Демек, қазір бекітпесе кейін жағдай ушығуы мүмкін, дейді мамандар.
Қайрат Сағадиев, мердігер компания қызметкері:
- Ол қырқыншы жылдары ағаштан жасалған болатын одан бері одан бері ол шіріп,үлкен сумен жуылып,шайылып кетті, сондықтан тіреулер құлап кетуі мүмкін,сондықтан қосымша бетонмен алынбайтын апалубка құрап, соған таза арматура қосып бетондап жатырмыз.
Қыс ортасында бұл жерде 20 адамға дейін жұмыс істеп жатыр. Сарапшылар көпірді дәл осы мезгілде жөндеген ыңғайлы деп отыр. Себебі Үлбінің суы қазір ең төменгі деңгейде.
Ришад Шерубаев, қалалық ТҮКШ бөлімі басшысының орынбасары:
- Жұмыс тасқын қауіпі күшейгенге дейін бітуі керек. Жөндемес бұрын сүңгуірлердің көмегімен толық геодезиялық зерттеу жүргізілді. Сондықтан бұл апатты жағдайдың алдын алу шарасы десек болады. Бұл жобаны іске асыру үшін 600 миллионнан астам теңге бөлінді.
Өскемендіктер мұндағы қарбаластың кесірінен ірі зауыттарға апаратын жол қайта жабыла ма деп алаңдаулы. Дегенмен, жөндеу жұмыстары қала логистикасына кедергі келтірмеуі тиіс.
Эльмира Ахметова, тілші:
- Үлбінің үстімен 4 көпір өтеді. Әрқайсының маңызы зор. Ал бұл гидроқұрылғының алатын орны тіптен бөлек. Өйткені өткел тікелей Өскеменнің өнеркәсіптік аумағына жеткізеді. Күніне 6-7 мың көлік өтеді.
Жоспар бойынша ескі көпірдің тіреулерін бекіту наурыздың соңында аяқталуы тиіс.
Эльмира Ахметова, Жігер Бабаханов