Қарағанды облысында екі күн жолда тұрған көліктер тізбегі жолға шықты

Боран салдарынан Теміртау маңындағы терминалда 2 күн бойы тұрған көліктер Астанаға қарай жолға шықты.

Колонналарды Қарағанды облысының полицейлері бастап келеді. Жолда тұрып қалған 150-ге жуық көлік ішінде 200 адам бар. Ал Шет ауданында ауа райының күрт нашарлауына байланысты 142 жүк көлігі мен 74 жеңіл автокөлік, сондай-ақ бір автобус жолда қалған. Барлығында 400-ден астам адам бар.

Жасқайрат Қайыров, Қарағанды облысы ПД бастығының бірінші орынбасары:

- Жылдамдықты асырмайсыздар. Екі колоннамен жүреміз, бір-бірлеріңіздің артынан қатарынан. Ешкім жылдамдықты асырмайды. Енді дистанцияны қараңыздар өздеріңіз. Тәрбиемен жолда жүріңіздер.