ШҚО-да боранға қарамастан жолға шығатындар азаймай тұр
Шығыс Қазақстан облысында ақтүтек боранға қарамастан сапарға шыққандар азаймай отыр.
Өскемен - Шемонаиха бағытында 7 жеңіл көлік қарға кептеліп орта жолда тұрып қалды. Құтқарушылар омбы қарда жүруге бейімделген техникасымен бәріне көмек көрсетті. Сегіз адам маңайдағы жылыту пунктіне жеткізілді. Өлкеде күн райының бұзылатыны жайлы алдын ала хабарланған. Екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел соғып, боран күшейіп тұр. Оның үстіне көктайғақ бар. Осыған орай облыс орталығынан бөлек Күршім, Шемонаиха, Глубокое, Ұлан аудандарында оқушылар онлайн оқып жатыр.