Қызылорда облысында жолда қалғандарға көмек берілді

Қызылорда облысында қар аралас жаңбыр жауып, арты көктайғаққа ұласты.

Самара-Шымкент күре жолының 134-шақырымынан бастап, Ақтөбе бағытына қарай жабылды. Полицейлер жол бойындағы көліктерді кемпингтердің автотұрағына уақытша аялдатты. Олар Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, 100-ден астам жүк көлігі, 90 жеңіл және 7 қоғамдық көліктің жүргізушісіне көмек берді. Жолдағы тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тәулік бойы 20 полиция экипажы кезекшілік атқарады.