Еліміздің жолдарында жеті жүзге жуық адам құтқарылды

Екі тәулік ішінде Қазақстанның автожолдарында 700-ге жуық адам құтқарылды.

15 өңірдің аумағында қалыптасқан күрделі метеорологиялық жағдайдың нәтижесінде республикалық маңызы бар автожолдардың 62 учаскесінде және облыстық маңызы бар 65-тен астам аумақта қозғалысқа шектеу енгізілді. Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен, жол және медициналық қызметтермен, волонтерлермен бірлесіп, халыққа көмек көрсету жұмыстарын ұйымдастырды. Автокөлік кептелесі орын алған орындарда жылытылатын шатырлар орнатылып, ыстық тамақ ұйымдастырылды. Еліміздің 18 өңірінде жедел штабтар ашылды.