Елімізде қылмыстық топтарға қатысы бар күдіктілер ұсталды
Елімізде қылмыстық топтарға қатысы бар 118 күдікті ұсталды.
Бұл туралы Polisia.kz порталы хабарлады. Бұл Ішкі істер министрлігі Ұлттық қауіпсіздік комитеті және прокуратура органдарының үйлестіруімен өткен жедел-тергеу операциясы барысында анықталды. Жедел шара бір уақытта елдің 10 аймағында жүргізілді. Қылмыстық топтардың жолын кесу бойынша жүргізілген ауқымды операция, есірткі жеткізушілердің, бопсалаумен және криминалитетті қаржыландырушылардың жолын кесті. 100-ден астам тінту жүргізілді. Нәтижесінде үш Калашников автоматы, екі травматикалық тапанша, әртүрлі калибрлі оқ-дәрілер, 11 келіден астам есірткі, мобильді құрылғылар және заңсыз құжаттама тәркіленді. Ұсталғандар арасында алыс-жақын шетелдердің криминалитет өкілдері болған.