Қазақстандағы 22 кәсіпорында жылумен жабдықтау 90% дейін ескірді

Қазақстандағы бірқатар кәсіпорында электр және жылу желілері әбден тозған. Мәселен, Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасеновтың баяндамасына сай: 22 кәсіпорында жылумен жабдықтау 90%-ке дейін ескірді, 18 электр қуатымен жабдықтау нысанында тозу 70-тен 97%-ке жуықтайды, 23 сумен жабдықтау кәсіпорнында желілердің тозу деңгейі 70% пен 100% шамасында. Ал 24 кәсіпорында су бұру жүйесі 70%-тен 100%-ке дейін тозған.

Ұлттық жобаны іске асыру нәтижесінде жылумен жабдықтаудағы тозу деңгейін 40%, электрмен жабдықтауда 45%, сумен жабдықтауда 34%-ке дейін және су бұруда 40%-ке дейін төмендейді.